Қарағанды, Ұлытау және Қызылорда облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

дорога закрыта, снег, автомобиль, метель, боран, қар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

9 ақпан сағат 16:00-де республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы» автожолының 248-592 шақырым аралығындағы учаскесінде, яғни Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін көлік қозғалысы шектелді.

Аталған жолды 10 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Осы күні сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының келесі учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Ұлытау облысында – автожолдың 750- 788 шақырым аралығы, Жаңаарқа елді мекенінен Қарағанды облысының шекарасына дейін.

Қарағанды облысында – 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасынан Топар елді мекеніне дейін.

Бұл бағыттарда жолды 10 ақпан сағат 09:00-де ашу көзделіп отыр.

Сонымен қатар 9 ақпан сағат 17:00-де Қызылорда облысында «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде, яғни Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл жолды 10 ақпан сағат 02:00-де ашу жоспарланған.

Осы күні Қарағанды облысында республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 60-217 шақырым аралығындағы учаскесінде, Ботақара ауылынан Қарқаралы ауылына дейінгі бағытта да барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жолды 10 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін екі облыста жол жабылғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар