Қарағандыда 1 жасар бүлдіршін терең шұңқырға құлап кеткен

АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға Қарағанды қаласындағы Чайкина көшесінде болған. Құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен баланы алып шықты.

Жедел жәрдем
Фото: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы Чайкина көшесінде тұрғын үйдің маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бала құлап кеткен.

— Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан алып шығып, анасына аман-есен тапсырды. Баланы әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Осыған дейін СҚО-да 16 жасар бала қазаншұңқырға батып, көз жұмғанын жазған болатынбыз.