Қарағандыда іздеуде жүргендерді анықтайтын домофондар орнатылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағандыда пилоттық режимде бірқатар тұрғын үйге іздеуде жүрген адамдарды танып, анықтай алатын «ақылды» домофондар орнатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Қарағандыда іздеуде жүргендерді анықтайтын домофондар орнатылды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Константин Ильницкий жүйе кіреберіс маңындағы күдікті азаматтарды тіркеп, ақпаратты автоматты түрде тиісті қызметтерге жолдайтынын айтты.

— Біз домофондарды деректер базасына қосамыз. Егер іздеуде жүрген адам домофон камерасының алдынан өтсе, жүйе оны бірден танып, полицияға сигнал жібереді, — деді Константин Ильницкий.

Бұл — өңірде цифрландыру бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобалардың бірі. Бүгінде облыс аумағында шамамен 4 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін Астанада домофонды кірпішпен сындырып, бөтеннің көлігін бүлдірген вандалдар жазаланғаны туралы жаздық. 

Соңғы жаңалықтар