Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрған

ұрып-соғу
Фото: видеодан алынған кадр

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Қарағандыда көпқабатты үйлерлің бірінің ауласында шақыруға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін белгісіз бір ер адам жұдырыққа алған. Тәртіп сақшылары бұзақының есімін анықтады. Оны ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген қарағандылық азаматты анықтады.

Белгілі болғандай, ер азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң  ашуланып, жұдырық ала жүгірген. Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған.

«Қазіргі уақытта жүргізушіге қол көтерген ер азаматты ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды», — деп мәлім етті Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар