15:38, 03 Сәуір 2025 | GMT +5
Қарағандыда күрес түрлерінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – 3 сәуірде Қарағандыда күрес түрлерінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталып, балуандар сынға түсті. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Алғашқы жүлделер грек-рим күресінің балуандары арасында сарапқа салынады.
5 сәуірде әйелдер арасындағы жарыстар басталады. Ал 6 сәуірде еркін күрес балуандары медаль үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, әр жарыс күнінің финалдық бөлімдері сағат 18:00-де басталады.
Жастар чемпионатынан кейін, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін Иордания астанасы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында еркін күрестен ел құрамасы медальдар кестесінде үздік үштікке тұрақтағанын жазған едік.