Қарағандыда құтқарушылар үшінші қабаттан құлап кеткен тұрғынға көмек көрсетті

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды қаласында құтқарушылар жоғарыдан құлап, зардап шеккен азаматқа көмек көрсетті.

Қарағандыда құтқарушылар үшінші қабаттан құлап кеткен тұрғынға көмек көрсетті
Фото: Видеодан скрин

Оқыс оқиға Степной-4 шағынауданында орналасқан 10 қабатты тұрғын үйде болған. 2006 жылы туған жігіт белгісіз жағдайда үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

ТЖМ күштері үш иінді баспалдақты пайдалана отырып, зардап шеккен азаматты кіреберіс қалқанының үстінен түсірді.

Зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жеткізілді.

Еске сала кетейік, Көлсайда құтқарушылар таудан құлаған көлікті шығарып алды.