Қарағандыда мұнай өнімдерін заңсыз сақтаған кәсіпорынға 7 миллион айыппұл салынды
ҚАРАҒАНДЫ.
KAZINFORM — 8 ай бойы II санаттағы нысандар үшін экологиялық рұқсатсыз мұнай өнімдерін сақтаумен және сатумен айналысқан ірі кәсіпорындардың бірін анықтады. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.
— Бұл экологиялық заңнаманы бұзу болып табылады (Экологиялық кодекстің 106 және 120-баптары) және соның салдарынан атмосфераға көлемі 90 тоннадан асатын ластаушы заттардың шығарындылары түскен. Қадағалау органы кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды, —делінген хабарламада.
Прокуратура дерегінше, құқық бұзушы өз кінәсін мойындамаған. Іс барлық 3 сатыдан өтіп, тек Жоғарғы Сот қана түпкілікті нүкте қойды — кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, бұған дейін заңсыз лотерея ойнатты деген күдікпен әнші Абай Бегейдің қызы ұсталғанын жазған едік.