Қарағандыдағы 149 көпшілік демалыс орнының 80-і санитарлық талапқа сай емес – Премьер

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында өңірлерде туризмнің баяу дамып жатқанына интернет сапасы да кері әсер етіп жатқанын айтты.

а
Фото: Үкімет

- Туристік аймақтарда жүргізілген кешенді тексерулер бұл салада әлі де жүйелі мәселелердің барын анықтады. Көптеген нысандарда интернет сапасы нашар. Жұмыстар әлі жоспарланып жатыр немесе қарқыны өте баяу, - деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы БАҚ пен әлеуметтік желіде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу фактілері жиі көтерілетінін атап өтті.

- Көптеген кәсіпкерлер қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды құжаттарды керек қылмайды. Мәселен, Қарағанды облысында қазіргі таңда 149 көпшілік демалыс орнының ішінде 80 нысан ғана санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің қорытындысын алған. Ал, 28 жағажайдың тек 3-не тиісті қорытынды берілген, - деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, ол «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Ғазизовке лауазымына лайық екенін дәлелдеу үшін нәтиже көрсету керектігін ескертті

Соңғы жаңалықтар