«Қарағанды-Астана» бағыты бойынша жаңа қуат үнемдегіш электр пойызы іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қарағанды-Астана» бағыты бойынша заман талаптарына сай жаңа ЭД9Э сериалы (қуат үнемдегіш) электр пойызы іске қосылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Жаңа электропойыз отандық көлік желісінің жаңа сатыға көтерілуіне кең мүмкіндік береді! Өйткені, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының экономикасын одан әрі нығайтуда теміржол саласының үлесі зор екені белгілі» , - деді облыс әкімі Бауыржан Әбдішев. Сондай-ақ аймақ басшысы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы мен еңбек ұжымына алғысын білдірді. Содан кейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Ермек Төлегенов сөз алды. Оның айтуынша, су жаңа электропойыздың ресейлік «Демиховский Машиностроительный Завод» ААҚ-дан айырмашылығы аса жайлы, қауіпсіз және әлемдік стандарттарға сай келеді. Барлық конструктивтік шешімдер өнеркәсіптік эстетика мен өңдеудегі соңғы үрдістерді ескере отырып, жасалған. Электрпойыздарды пайдалану мерзімі - 28 жыл. «Сапар барысында пойыз жолаушылары өздерін жайлы сезінетін болады. Себебі сол үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, салқындатқыш және жылытқыш жүйедегі кондиционерлер, бейнебақылау орнатылған. Герметтелген (газ бен сұйықтықты өткізбейтін) вагонаралық өткелдер салынған. Онлайн режімінде жолаушылар ағынын анықтайтын арнайы тіркеу жүйесі жұмыс істейді. Жолаушыларға пайдалы ақпарат беретін заманауи таблолар орнатылған. Бірінші санаттағы құрамда 3 вагон, екінші санатта 3 вагон және үшінші санатта 2 вагон бар. Жолақы құны І санаттағы вагонда - 1 183 теңге, ІІ санаттағы вагонда - 1 102 теңге, ІІІ санаттағы вагонда - 915 теңге», - деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
Референдум