08:02, 20 Сәуір 2014 | GMT +5
«Қарағанды-Астана» жаңа жүрдек электропойызын іске қосу жоспарлануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта «Қарағанды-Астана» бағыты бойынша жаңа жүрдек электропойызын іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы Қарағанды облысы жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының алқа мәжілісінде мәлім болды.
Облыс әкімінің орынбасары Сабырғали Ыдырысов қатысқан осы мәжілісте көлік саласының 2014 жылғы тоқсандық есебі тыңдалды. Келтірілген мәліметтер бойынша, қазіргі таңда аймақта 241 автобус маршруты бар, олар жолаушыларды 235 елді мекенге тасымалдайды.
Ағымдағы жылы теміржол тасымалы бойынша облыс ішінде 13 әлеуметтік маңызы бар бағытқа жолаушылар тасымалданады.
Сонымен қатар, отырыс барысында «Моноқалаларды дамыту» және «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламалары талқыланды, деп жазылған облыс әкімдігінің ресми сайтында.