15:41, 03 Шілде 2010 | GMT +5
Қарағанды циркінде болған өртті тұрғындар хабарлаған, әкімшілік өрт сөндірушілерді шақырмаған - облыстық ТЖД
АРАҒАНДЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды циркінде болған өртті өрт сөндірушілерге әкімшілік емес, қала тұрғындары хабарлаған. Бұл туралы Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысының қызметі хабарлады.

«Циркте шыққан өрт туралы ерлі-зайыпты Тойболды отбасы хабарлаған. Анықталғанындай, түтінді әйелі Күлжат байқаған. Ол күйеуіне өрт сөндірушілерді шақыруға кеңес берген. Жолдасы Нұрлан дүрбі арқылы түтіннің ғимараттың дәл төбесінен шығып жатқанын байқаған соң, өрт қызметінің орталық пультіне хабар берген», - деп атап өтті құтқарушылар. Өрт сөндіру қызметі бұл отбасыға қауіпті байқағаны үшін алғыс айтып, марапаттауға мүдделі.
Қазіргі таңда бұл оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өртке дәнекерлеу жұмыстары барысында қауіпсіздік шаралары сақталмағаны себеп болған.