15:33, 05 Шілде 2010 | GMT +5
Қарағанды елорда күнін мерекелік салютпен және бұқаралық халық серуенімен атап өтеді
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда елорданың туған күні, шілденің 6-сында Астанаға арналған мерекелік салют беріледі. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

Қарағандының орталық мәдениет және демалыс саябағында және қаланың басқа да алаңдарында концерт бағдарламаларымен қатар бұқаралық халық серуені өтеді.
Биылғы мерекелі күндердің басты оқиғасы - «Ұлы дала сазы» атты бірінші халықаралық дәстүрлі түркі музыкасы фестивалі. Оған Қазақстан өкілдерімен қатар Татарстаннан, Башқұртстаннан, Хақасиядан, Түркиядан этнографиялық ұжымдар келді. Фестивальдің салтанатты ашылуы шілденің 3-інде Кеншілер сарайында өтті. Ертең фестиваль қатысушылары орталық мәдениет және демалыс саябағында ашық алаңда гала-концерт береді.
Астана күніне арналған салтанат мерекелік салютпен аяқталады.