Қарағанды хайуанаттар бағында жануарлардың қырылуын жасырған - прокуратура

«Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тексерісінің нәтижесінде «Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы» МКҚК-да бірқатар заң бұзушылықтар орын алғаны әшкереленді. Зообақ қызметкерлерінің әдейі тіркелмеген және дүниеге келгенде есепке алынбаған жануарларды кімге өткізгені анықталды. Аталған фактілер бойынша табиғатты қорғау прокуратурасы ҚР ҚК 307 бабы 2 бөліміне сәйкес (Қызметтік бабын асыра пайдалану) сот алдындағы тергеудің біріңғай реестріне тіркеді», - деді мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Ренат Ермеков.
Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Оның сөзіне қарағанда, келтірілген залал анықталуда.
Тексеріс кезінде зообақ әкімшілігі алтай маралы төлінің өлгенін жасырған. Оны шымкенттік хайуанаттар бағымен алмастыру жоспарланған.
«2013 жылы 29 қазанда зообақ қызметкерлері абайсызда марал төлін жарақаттап алған, келесі күні өлген. Мұны жасыру мақсатымен жануардың өлгені жайлы акт толтырылмады, хайуанаттар бағының есебіне жануар туралы мәліметтер енгізілмеді, мемлекеттік ветеринарлық дәрігерге жануардың өлімі жайлы хабарланбады.
Сонымен қатар бұл жануар 2013 жылы туғанда есепке қойылмаған. Зообақ әкімшілігі кінәлі тұлғалардан шығынды өндіру бойынша шараларды қабылдамаған», - деді Р. Ермеков.
Сондай-ақ зообақта Красноярскіден бюджеттік қаражатқа алынған үш жануардың (игуан) қырылуына жол берген.
Зообақтың бұрынғы басшысы мекемеде бюджеттің қаражатына өзінің пониін ұстап, асыраған. Сонымен қатар, прокурорлар жануарларды күтуде қатаңдылық танытқанын аңғарды. Қашыр, есек, пони мен ешкілерді тірі күнінде жыртқыштарға азық ретінде берген.
Сондай-ақ жануарлардың тиісті жағдайларда ұсталмағаны, өрт қауіпсіздігі сақталмағаны анықталды.