Қарағанды қаласының әкімі өз табысын жариялады: оның айлық күн көріс көзі - 376 мың теңге

ҚАРАҒАНДЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов өзінің табысы мен мүлігі туралы мәліметтерді жариялады, қала басшысының айлық кірісі 376 мың теңгені құрайды.
None
None

«М.Смағұлов өзінің табысы және мүлігі туралы мәліметтерді жариялады. Бұл ақпарат қала әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған», - деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Қала басшысы атап көрсеткендей, оның 2012 жылғы табысы 4 517 344 теңгені құраған, 2013 жылдың тоғыз айындағы табысы - 3 385 658,78 теңге. М.Смағұлов, сондай-ақ, зайыбының үй шаруасымен ғана айналысатындығын атап өтті. Қарағандыда зайыбының атындағы жекеменшік оңаша үйі бар.

Қала әкімінің табысы туралы ақпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімовтың сынынан кейін жария етілді. Ол көшпелі отырыста Қарағанды шенеуніктерін мемлекеттік қызметкерлерді өзінің табысы және мүлігі туралы мәліметтерді жариялауға шақыратын «Өзіңнен баста» республикалық іс-шарасын елемейді деген еді.

Соңғы жаңалықтар