Қарағанды мектебінде білім күніне орай хоккей корты ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды қаласы № 101 мектеп-лицейінде болды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

Облыс әкімі оқушы жұмыстарының көрмесі мен Президенттік залды тамашалап, мектеп-лицей түлектерімен әңгімелесті. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім саласына көп көңіл бөлетіні сіздерге белгілі. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ең дамыған мемлекеттердің қатарына білімді адамдар ғана шығара алады. Сіздердің де осындай сауатты адам болатындарыңызға сенемін», - деді Н. Әбдібеков салтанатты шарада сөйлеген сөзінде.

Өңір басшысы педагогтарды, мектеп-лицей оқушылары мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылымен құттықтап, әмбебап хоккей кортының сертификатын ұсынды. № 101 мектеп-лицейі Қарағандыдағы үздік білім беру мекемелерінің бестігіне кіреді. Ол 12 жылдық білім беру тәжірибесін енгізу бойынша республикалық экспериментальдық алаң болып табылады. ҰБТ-да 2014 жылы орташа ұпай 102,2 құрады. Қарағанды облысында 532 жалпы білім беру мектебі бар. Онда 171 мың адам білім алады. Бүгінде өңірде 19,5 мың бала бірінші сыныпқа барды.

Соңғы жаңалықтар