Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектерінің жәрмеңкесіне 450 шақты кәсіпорын шақырылып отыр

ҚАРАҒАНДЫ.  Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жұма,   желтоқсанның 5-інде  өтетін Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті  түлектерінің  жәрмеңкесіне    Қарағанды  облысы  мен республиканың басқа да аймақтарынан  450-ге  жуық  кәсіпорын   шақырылып отыр, 
None
None

деп   хабарлайды    оқу орнының баспасөз   қызметінен.

«Мұндай  тәжірибе  -    жастардың еңбек нарығындағы проблемаларына жұмыс берушілердің    назарын  аударудың мұндай жолы   тиімді  және  өзара  пайдалы екенін көрсетіп  отыр. Жас  мамандар  таңдау мүмкіндігіне  ие  болса,   әлеуетті  жұмыс берушілер  түлекпен  әңгімелесе  отырып,  оның дайындығына баға бере алады»,  деп   атап көрсетеді  оқу орнының баспасөз қызметіндегілер.    Оған қоса,  бұл  шара    -   соңғы курс  студенттеріне  тәжірибеден өту  туралы  келісім  жасау мүмкіндігі.

Биылғы  жылы   Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін   29 мамандық бойынша  күндізгі бөлімнің 1400-ден  астам  студенті   тәмамдағалы  отыр.

Соңғы жаңалықтар