Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 81 студентке қосымша грант тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің  28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Республикалық конкурстық  комиссияның  шешімімен    Қарағанды   мемлекеттік  техникалық университетінің  81 студентіне  қосымша   грант   тағайындалды, 

Қарағанды  мемлекеттік  техникалық университетінде   81 студентке  қосымша грант тағайындалды

деп   хабарлады     оқу  орнының  баспасөз қызметінен.

«Университет ректоры  Арыстан  Ғазалиев   студенттерді мемлекеттік  білім  гранттарына    ауыстыру  туралы    бұйрыққа  қол қойды. Осылайша, ақылы  негізде  оқыған  студенттер   оқу гранттарына  ауыстырылды және  олар      енді  стипендия алатын болады»,  - деп атап көрсетті  баспасөз  қызметінен. 

 Университет басшылығы   жеңімпаздарды    құттықтады.