Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды мен Балқаш қалалары арасында көлік қозғалысы шектелді - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін, 3 ақпанда сағат 17.00-ден бастап ауа-райының қолайсыздығына (борап жауған қар, көктайғақ) және жолдың нашар көрінуіне байланысты «РФ шекарасы (Екатеринбургке қарай) - Алматы» автожолының «Қарағанды - Балқаш» учаскесінде (1492-1854 шақырым аралығы) жолаушы және жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

 Қарағанды мен Балқаш қалалары арасында көлік қозғалысы шектелді - Көлік және коммуникация министрлігі

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметі сондай-ақ хабарландыру жасап, жолаушылар мен жүргізушілерге автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартуға, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салуға кеңес беріп отыр.