Қарағанды облыстық ауруханасы жанында перзентхана ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағандыда облыстық клиникалық аурухана жанында жаңа перзентхана ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Ана мен баланы қорғау Мемлекет басшысы белгілеген басты басымдықтардың бірі. Аймақта ана мен балаға медициналық көмек берудің қолжетімдігі мен сапасын арттыруда үлкен жұмыстар жүргізілуде», - деді оның ашылуына қатысқан облыс әкімі Нұрлан Нығматулин. Өңір әкімі перзентханада босанып жатқан аналардың туыстарымен байланыс жасауы үшін орнатылған бейнежүйемен танысты, халықаралық «Қауіпсіз ана» бағдарламасы стандарттарына сай жабдықталған аналар босанатын және одан кейінгі бөлімшелердің жабдықталуын көрді, медициналық техникамен және білікті кадрлармен қамтамасыз етілуіне ден қойды. Ғимаратты күрделі жөндеуге 161 млн. теңге бөлінді, медициналық және технологиялық жабдықтарды сатып алуға 83 млн. теңге жұмсалды. Корпус электрмен қосалқы жабдықтау, екінші су құбырымен, орталық оттегі жүйесімен жабдықтьалған. Мұнда перзенттерді қабылдаумен қатар екіқабат әйелдерге көмек көрсетіледі. Бөлім жылына 1300-1500 перзентті қабылдауға есептелген.
Соңғы жаңалықтар