20:21, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің бастығы тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Нұрлан Рахымберлин Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, ол бұған дейін ҚР ІІМ Тергеу комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД тіл саясаты және ақпарат басқармасының БАҚ-пен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөліміне сілтеме жасап.Бүгін жаңа басшыны жеке құрамға ҚР ІІМ вице-министрі, милиция генерал-майоры Қалмұхамбет Қасымов таныстырды.Н.Рахымберлин Қарағандыда туған, ол 48 жаста. ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, Ресей заң академиясын бітірген, докторлық диссертация қорғаған.