Қарағанды облыстық медицина бірлестігінде хлордың апаттық ауаға таралуынан үш адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағандыда облыстық медициналық емдеу-диагностика бірлестігінде болған апат ауыздықталды.
None
None
ҚазАқпарат тілшісіне қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 9 сағат 55 минөтте емдеу мекемесінде хлор апаттық жағдайда ауаға таралды. Ауруханадан 420 сырқат жандар көшірілді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметтеріне қарағанда, үш адам: екі санитар мен медбике газдан уланып, зардап шекті, олар осы аурухананың бөлімшесіне жатқызылды. Газ 50 литрлік хлорлы баллоннан шыққан. Баллондар жертөледе болған, оларды тасымалдауда қызметкерлердің бірі түсіріп алған, соның нәтижесіне олардың бірінде жарық пайда болған. Апатты жоюға 14 арнайы техника және 71 адам қатыстырылды. Апатты жою 11 сағат 45 минөтте аяқталды. Қазіргі кезде оқиғаның себептері анықталуда.
Соңғы жаңалықтар