Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облыстық сотында кеңсе жетекшісі тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаменттің өкімімен Қарағанды облыстық соты кеңсесінің жетекшісі міндетін атқарушы болып Серік Мейрамбеков тағайындалды.

Қарағанды облыстық сотында кеңсе жетекшісі тағайындалды

Бұл туралы бүгін облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қайта құрылған «Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» МБ-ның негізгі міндеті - облыс соттарының қызметін қамтамасыз ету», - делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

С.Мейрамбеков құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері қызмет етіп келеді. Сот орындау жүйесінде жұмыс жасады, Қарағанды облыстық әділет департаментінің бастығы болды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Астана қалалық соттар әкімшісінің орынбасары болып қызмет етті.