Қарағанды облыстық сотында сайлау науқаны мәселелері бойынша кеңес өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облыстық сотында сайлау науқаны мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Жиын сайлау науқаны барысында азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің соттық қорғалуын қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.

 «Сайлау туралы заңның бөлек баптары, азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру мәселелері, сайлау үрдісі бойынша арыз-шағымдарды қараудың тәртібі мен мерзімдері қаралды», - деп ақпараттандырады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Кеңес жұмысына кассациялық және апелляциялық сот алқаларының төрағалары, азаматтық істерді қарауға маманданданған облыстық соттың судьялары, аудандық және қалалық соттардың судьялары, облыстық сот кеңсесінің жетекшісі қатысты.

Соңғы жаңалықтар