Қарағанды облыстық сотында Жоғарғы сот төрағасының қатысуымен кеңес өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -Қарағанды облыстық сотында Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбековтың қатысуымен облыс судьяларының кеңейтілген пленарлық кеңесі өтті.
None
None

Кеңесте облыс судьяларының 2010 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысымен қатар, сот төрелігінің сапасын жақсарту мәселелері де сөз болды. Облыстық соттың төрағасы Ермек Серікбаев судьялардың өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндама жасады.

Облыстық соттың ақпары бойынша, 2010 жылы Қарағанды облысының соттарына 105 441 іс пен шағым-арыз түскен, оның 29 428 - іс болса, 76 013 - арыз-шағымдар. Азаматтық істердің қаралу көрсеткіші бойынша аудандық және қалалық соттардың судьяларына түскен жүктеме 44,1 пайызды құраса, әкімшілік сот судьяларының үлесі - 23,8 пайызды, қылмыстық іс соттарының үлесі 4,8 пайызды құраған. Ал облыстық сотта азаматтық сот актілерін қарау жөніндегі аппеляцияда 4460 іс қаралса, 1050 тұлғаға қатысты 856 қылмыстық іс және 278 әкімшілік іс қаралған.

«2010 жылы барлығы 93 171 іс аяқталды, оның 67 847 - азаматтық іс, 5915 - қылмыстық, 19409- әкімшілік іс. Аппеляциялық және кассациялық/қадағалаушы тәртіппен қаралған істердің нәтижесінде бірінші инстанциялардың 917 сот актісінің күші тоқтатылды және өзгертілді, бұл аяқталған істердің 1 пайызын құрайды», - делінген ведомствоның ақпарында.

Соңғы жаңалықтар