Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облыстық сотында Жоғарғы соттың бұрынғы судьялары С.Жәкішев пен А.Тәшенованың ісі бойынша кассациялық процесс басталды

ҚАРАҒАНДЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық сотында бүгін қылмыстық істер бойынша кассациялық сот алқасы Жоғарғы соттың бұрынғы судьялары Сайлаубек Жәкішев пен Алмаш Тәшеноваға қатысты істі қарауға кірісті.

Қарағанды облыстық сотында Жоғарғы соттың бұрынғы судьялары С.Жәкішев пен А.Тәшенованың ісі бойынша кассациялық процесс басталды

Сотталушылардың сот қарауына қатысуы бейнеконференция байланысының көмегімен өтуде. «Бейнеконференция байланысын өткізу туралы қаулы шығарылды», - деді алқа төрайымы судья Светлана Миночкина. Алқа құрамына сондай-ақ Қарағанды облыстық сотының судьялары Өміртай Ыбыраев пен Асқар Тұрысбаев кірді.

Алайда қорғаушы жақ пен сотталушылардың өздері қаулыны өзгерту және сотталушылардың сот отырысына қатысуын қамтамасыз ету туралы арыз беріп отыр. Қорғаушылар өздерінің қорғалушыларын Қарағандыға жеткізуді сұрады. Қазіргі уақытта сотталушылар жеткізілген Ақмола облыстық сотымен бейнеконференция байланысы ұйымдастырылды.

Сот қаулыны өзгертуге негіз таба алмады. «Сот талапты орындамау туралы қаулы шығарды», - деп шешіммен таныстырды судья С.Миночкина. Сондай-ақ ол тараптар келіп түскен барлық шағымдармен танысуы және жұмысқа дайындалуы үшін сот отырысында 30 қаңтарға дейін үзіліс жарияланып отырғанын хабарлады.