Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері адамды құтқарғаны үшін медальмен марапатталды

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Сарань қаласындағы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, өрт сөндіру қызметінің майоры Александр Брагин Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды,

Қарағанды  облыстық   Төтенше жағдайлар  департаментінің  қызметкері адамды  құтқарғаны  үшін   медальмен  марапатталды
деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаменттің баспасөз қызметінен. Наурыздың 8-і күні гараждар қоғамының жанынан өтіп бара жатқан кезде, Александр Брагин көмек сұрап, жанұшырған әйелді көреді. Анықталғандай, әлгі әйелдің баласы осыдан 1,5 сағат бұрын гараждың есігін іштен жауып алады, гараждың ішінен көліктің жұмыс істеп тұрған двигателінің дыбысы шығады, ал баласы жауап бермейді. Жағдайды тез бағалаған майор шұғыл шешім қабылдап, есікті сүйменмен бұзады. Ішке кірген кезде «Волга» көлігінің алдыңғы орындығында ессіз жатқан жігітті көреді. Оны көшеге алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Дәрігерлердің айтуынша, әлгі азамат дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалып отыр.