15:53, 28 Ақпан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллиннің өкімімен Расул Оразғұлов облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.34 жастағы Р.Оразғұлов бұған дейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды. Ол, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. Республикалық мемлекеттік органдардың орталық аппараттарында істеген жұмыс тәжірибесі бар. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мемлекеттік әкімшілік жетекші лауазымдарды атқарған. 2006 жылдан бері осы аймақта қызмет атқарады. Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары міндетін атқарған Берік Камалиев «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы болып тағайындалды.