Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Ғабит Мұхамбетов тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бұрын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетін басқарған Ғабит Мұхамбетов Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
None
None

Бұл тағайындау туралы аймақ басшысы бүгін өткен жұмыс кеңесі кезінде жария етті.

Ғ.Мұхамбетов Рыскелді Сәтбаевтың орнына келіп отыр. «Р.Сәтбаевтың Үкіметке жұмысқа ауысуына орай, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің орынбасары болып Ғабит Мұхамбетов тағайындалды», - деді Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов.

Бұл қызметінде ол құрылыс, көлік және байланыс мәселелеріне басшылық жасайтын болады. Облыс әкімі Р.Сәтбаевқа алғысын білдіріп, алдағы жұмысына жеміс тілей отырып, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар