Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысы аумағындағы ірі жол апаты екі адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА.   Қыркүйектің 24-і.   ҚазАқпарат -  Қарағанды  облысында,   Балқаш-Ақтоғай тас жолының 395-ші шақырымында    «ГАЗ-24» және  «ГАЗ-31029» маркалы автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан  екі  адам қаза тапты, 

Қарағанды  облысы аумағындағы ірі жол апаты екі адамның өмірін қиып кетті

деп   хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің  баспасөз қызметінен.

 Жол  апаты   сәрсенбі күні сағат 11.20-да орын  алды.    Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ГАЗ-31029»  жүргізушісі мен оның  жолаушысы   сол жерде көз жұмды.  Екінші көліктің  жүргізушісі мен    төрт жолаушысы   түрлі  жарақатпен  ауруханаға түсті,  олардың ішінде   бір жасар бала бар.

 Кеше сондай-ақ   Алматы-Өскемен тас жолының 257-ші шақырымында  үш   көлік  - Фольксваген», «Мицубиси» және  «Форд»  машиналары соқтығысып қалды.  Оқиға салдарынан «Форд»  жүргізушісі  төрт жолаушысымен, «Фольксваген»  жүргізушісі    түрлі  жарақатпен  ауруханаға түсті.  

 Төтенше жағдайлар  министрлігінің  ақпараты  бойынша,  кеше Алматыда «Мерседес» көлігінің  жүргізушісі   жаяу жүргінші әйелді  қағып  кетті.   Әйел оқиға орнында көз жұмды.