Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы департаментінің бұрынғы директорына халықаралық іздеу жарияланды

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы департаментінің бұрынғы директоры Тамир Дәуітовқа халықаралық іздеу салынды.
None
None

Бұл туралы облыстағы экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінен хабарлады (қаржы полициясы).

Т.Дәуітов қызмет бабын теріс пайдалану (ҚР ҚК 307 бабы), жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 192 бабы) және ақша ұрлау (193 бап, 3 тармақ «а» пункті) істері бойынша айыпталып отыр. Тергеу бойынша, ауыл шаруашылығы департаментінің бұрынғы директоры 100 млн. теңге көлемінде несие алған алаяқтар тобын ұйымдастырған.

«Оған қатысты тұтқындау шарасы қолдану керек болған, алайда оның қазіргі мекен-жайы анықталмады. Былтырғы жылдың мамыр айынан бері Т.Дәуітов мемлекетаралық іздеуде жүрген», - деп еске салды қаржы полициясы.

Соңғы жаңалықтар