Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы қызметіне Руслан Таласбеков тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. 21 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Қарағанды облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы қызметіне Руслан Таласбеков тағайындалды,
деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Р.Таласбеков 36 жаста, Қарағанды облысының тумасы. 1997 жылы Қазақ тұтыну кооперациясы институтын «экономика және инфрақұрылымдағы басқару» мамандығы бойынша, 2001 жылы - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және 2009 жылы Ресей кедендік академиясын «кедендік іс» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кедендік органдар қызметінде 1998 жылдан бері жұмыс істейді, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы департаменттерде түрлі қызметтер атқарған.