Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысы ІІД-нің басшылығы аттестаттаудан сәтті өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 21 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы ІІД-нің басшылығы жоғары аттестация комиссиясынан өтті.

Қарағанды облысы ІІД-нің басшылығы аттестаттаудан сәтті  өтті

 Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Жоғары аттестациялық комиссия облыстық ІІД-нің басшысы, полиция генерал-майоры Нұрлан Рахымберлинді және оның 3 орынбасарын аттестаттаудан өткізді», - деп хабарлады облыстық ІІД.

Ведомствоның берген ақпаратына сәйкес, 1 шілдеден бастап ІІД басқармасының басшыларын аттестаттау басталады. Оны орталық аттестаттау комиссиясы өткізетін болады. 3-ші кезеңде өңірлік аттестациялық комиссия қатардағы қызметкерлерді емтиханнан өткізеді.

ІІД-нің берген мәліметіне қарағанда, Қарағанды облысында кезектен тыс аттестаттаудан 5000-нан астам полиция қызметкері өтеді.