Қарағанды облысы Қазақстан Магниткасының 50 жылдығын мерекелеуде

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Сенбі күні, шілденің 3-інде Теміртау мен Қарағандыда Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтуде.
None
None

«Мерекелік бағдарлама ауқымды. Мерейтой құрметіне Магниткаға қазақстандық эстрада жұлдыздары, шетелдік шығармашыл ұйымдар концертпен келді», деп атап өтті облыстық мәдениет басқармасында.

Үлкен концерт бейсенбі күні Теміртау қаласындағы «Металлург» стадионында өтті. Қала тұрғындары, металлургтер мен қонақтар алдында мерейтойлық салтанатқа келген қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Концертке ресейлік «Доктор Ватсон», «Тутси» шоу-топтары, «21-ші ғасырдың тенорлары» ұжымы, қазақстандық «Ұлытау», «101» топтары, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, республиканың еңбек сіңірген әртісі Ерлан Көкеев және оның «К-7» тобы, белгілі әнші Владимир Ступин қатысты.

Бүгін теміртаулықтар кешке «Қазақстан Магниткасына арнау» атты мерекелік концертке шақырылды. Металлургтер монументі жанындағы алаңда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерлан Көкеев, белгілі фольклор әншісі Тоқтар Серіков, домбырашы Айгүл Құсанова, «GSI» танымал жастар тобы, сондай-ақ жергілікті көркемөнерпаздар өнер көрсетті.

Мерекелік шаралар облыс орталығында да өтуде. Қарағандыда бүгін украин әртістері, Днепропетров филармониясының өкілдері концерт береді. Кешке «Ұлы дала сазы» атты дәстүрлі түркі музыкасының халықаралық І фестивалі ашылады.Фестивальдің гала-концерті шілденің 6-сында қалалық мәдениет және демалыс саябағының орталық алаңында өтеді.

Жексенбі күні, шілденің 4-інде Қарағандыда Магнитканың 50 жылдығына арналған театрландырған шеру өтеді.

Бұдан басқа шілденің 3-інде Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек ардагерлері мен қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырады. Бұдан бұрын хабарланғанындай, жұма күні, шілденің 2-сінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургия комбинатының еңбек ардагерлері мен қызметкерлерінің бір тобына мемлекеттік наградаларды тапсырған болатын.

1960 жылғы шілденің 3-інде Қарағанды металлургия комбинатының бірінші домнасы алғашқы қазақстандық шойын құйды. Бұл күн Қазақстан Магниткасының туған күні болып саналады. Оның №3 бригадасында көрікші болып жасаған болашақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы шойын құйған болатын.

50 жылдың ішінде Қарағанды металлургия комбинатында 173 млн. тонна шойын шығарылды. Шілденің 2-сінде «Арселормиттал Теміртаудың» металлургия комбинатының №4 домна пешінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен мерекелік шойын құю салтанаты өтті. Мерейтойлық шойын құю жас көрікшілер Нұрым Әліпбаев пен Сергей Жмуринге сеніп тапсырылды. Н.Әліпбаев алғашқы өнімді қалыптап «Мерейтойлық құйма-2010. Қазақстан Магниткасы» деген жазумен құйманы Президентке сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар