Қарағанды облысы полициясының кинологиялық қызметінде бельгиялық Малинуа овчаркалары пайда болады

«Келесі жылдың басында ҚР ІІМ Кинологиялық орталығынан Қарағандыға Малинуаның екі күшігін әкеледі Бельгиялық овчаркалар - әлемде бірінші полицей иттері», - делінеді хабарламада.
Мамандардың пікірінше, бұл - жан-жануарларды, адамды қорғау сияқты міндеттерді тамаша атқара алатын, сондай-ақ өздерін полициядағы қызметте жақсы танытқан «қарапайым қызметтік иттер».
«Бұл иттер бүкіл әлемде әскер және полиция үшін ең қажетті ит тұқымы мәртебесіне ие болды. Малинуа көрмелерде ешқашан танымал болмайтын, оларды жұмыс үшін асыраған болатын. Сыртқы келбеті бойынша неміс овчаркаларынан артта қалады, сондықтан онша көп те емес. Соңғы уақытта күш құрылымдарының кинолог мамандары оларға назар аударды», - дейді Қарағанды облыстық ІІД-дегі Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Айдар Оспанов.
Малинуа жақсы мінезімен сипатталады: олар өте тыныш, тілалғыш, стрестерге төзімді, батыл және агрессияға берілмейді. Бұл иттер қарапайым, денсаулықтары жақсы. Тез үйренгіш.
«Бұл тұқымдағы ит «Тегеран-43» атты танымал фильмде Ален Делонның «серігі» болды», - деп еске салды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Полицияның мәліметінше, Қарағанды кинологиялық қызметінің орталығына сондай-ақ екі неміс овчаркасы мен екі спаниель әкелінеді.