20:39, 13 Қазан 2016 | GMT +5
Қарағанды облысы Ресейге барит концентратын экспорттайды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Қаражалда 2015 жылы желтоқсанда Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында барит кенін өңдеу бойынша жаңа өндіріс іске қосылды. ҚазАқпарат бұл жоба бүгін қандай деңгейде екенін анықтады.

«Бүгінде «Қаражал Оперейтинг» ЖШС тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. 9 айда кәсіпорын 18 мың тонна барит концентратын шығарды. Дайын өнімнің 60% Ресейге экспортталады, қалғаны ішкі нарықта сатылады. Жобада 100 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Бүгін 40 адам еңбекпен қамтылды, негізінен бұл ауыл тұрғындары», - деп хабарлады Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасынан.
Кешен құрылысына 6 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Жобалық қуаттылығы жылына 200 мың тонна барит концентратын құрайды. 2018 жылы осы деңгейге көшу көзделген.
Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Байыту факрикасын кәсіпорын жаңа жылға қарай іске қосуды көздеп отыр.