Қарағанды облысына шағын қалаларды 2013-2015 жылдары дамыту үшін 33 млрд. астам теңгеге лимит қойылды
ҚАРАҒАНДЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов шағын қалаларды 2013-2015 жылдары дамытудың кешенді жоспарлары қаралған кеңес өткізді.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.
«ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Қарағанды облысына 2013-2015 жылдарға 8 моноқала бойынша 33 млрд. 376,6 млн. теңге көлемінде лимит берді, соның ішінде жабдықтандыру мәселерін шешу үшін ағымдағы трансферттерге 4 млрд. 159,8 млн. теңге және әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 29 млрд. 216,8 млн. теңге», - делінеді хабарламада.
Биылғы жылы ілкі режимде облысқа шағын қалаларды жайластыру үшін 2,2 млрд. теңге сомасында мақсатты трансферттер бөлінді, деп еске салады облыс әкімінің баспасөз қызметі. «Бұл қаражат 2,5 мың жарықтандыру тіректерін қалпына келтіру, 13 шақырым жылу желілерін жөндеуге, полигондарды орналастыруға және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, 119 аулалық аумақтарды абаттандыруға және балалар алаңдарын жабдықтауға арналған», - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Кеңесте экономика және бюджеттік жоспарлау облыстық басқармасының бастығы Жәлелиден Смағұловтың айтуынша, қазіргі уақытта бес моноқала: Балқаш, Жезқазған, Саран, Теміртау және Шахтинск өздерінің кешенді жоспарлары мен оларды 2013-2015 жылдары іске асыру шараларын келісті. Оның айтуынша, Абай, Сәтбаев және Қаражал бойынша кешенді жоспарларды келісу аяқталуға жақын.
Облыс әкімі шағын қалалардың әкімдеріне 1 қыркүйекке дейін мәслихат сессияларының шешімдерімен кешенді жоспарларын бекітуді тапсырды. Бұдан басқа, 2012 жылға арналған бюджеттерді кезекті нақтылау және 2013 жылға арналған бюджеттерді қалыптастыру кезінде техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат қарастырылған.
Кеңесте сондай-ақ салық салынатын базаны кеңейту мәселесі тыңдалды.