Қарағанды облысында 1-сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы сыйға тартылды (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков бүгін Білім күніне арналған Шахтинск қаласындағы № 16 мектеп-лицейінің салтанатты жиынына қатысты. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Сіздер білетіндей, «бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев білімнің дамуына көп көңіл бөлді. Елімізді жаңғыртудағы негізгі фактор ұлттық білім беру жүйесінің сәтті жаңаруы болып табылады. Жаңартылған білім беру елімінзің экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін платформаға айналуы тиіс», - деді Н. Әбдібеков.

Әкім бірінші сынып оқушыларына Елбасы атынан «Менің Отаным -Қазақстан» кітаптарын ұсынды. Мектеп-лицей сыйлық ретінде робототехника зертханасын ашу үшін 2 млн. теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

Соңғы жаңалықтар