Қарағанды облысында 11 спортшы лицензия жеңіп алды, тағы 10-ы күресті жалғастыруда

ҚАРАҒАНДЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов кеңес өткізіп, онда өңірдегі бұқаралық спортты дамыту және қарағандылық спорт саңлақтарын 2012 жылы Лондонда өтетін ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына дайындау жайы талқыланды.
None
None

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Бүгінгі күні спорт пен дене шынықтыру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өткеніндей, халқымыздың денсаулығы - бұл Қазақстанның стратегиялық мақсаттарға жету жолындағы табыстарының ажырамас бөлігі. Дене шынықтырумен белсенді түрде айналысу - бұл денсаулықты нығайтудың ең тиімді әрі сенімді жолы, - деп атап өтті облыс басшысы.

Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Қожабеков мәлім еткендей, қазіргі уақытта қарағандылық 11 спортшы спорттың 7 түрі бойынша 11 лицензия жеңіп алды. «Тағы да 10 спортшы лицензия алу жолындағы күресін жалғастырып келеді. Олардың барлығына дайындыққа қажетті жағдайлар жасалды», - деді ол.

Спорт басқармасының берген ақпаратына сәйкес,  облыста 2605 спорттық ғимарат жұмыс істейді, оның 1 мыңы ауылдық жерлерде орналасқан. Спортпен қамтамасыз ету 25 пайыздан 27-ге дейін өсті. «Спорттық инфрақұрылымның қарапайым халық үшін қолжетімділігі мәселесін шешу үшін қазіргі уақытта барлық спорттық нысандарға тексеріс жүргізіліп жатыр», - деді Р. Қожабеков.

Кеңес барысында спорт мекемелерінің бапкерлік-оқытушылық кадрлармен қамтамасыз етілуі, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы, аула клубтарының желісін дамыту сынды өзекті мәселелер қаралды.

Сонымен қатар Қарағандыдағы жаңа спорттық құрылымдардың жұмысы туралы «Шахтер» стадионының директоры Наталья Сухорукова ақпарат беріп өтті. Осыдан кейін «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры Ерден Халилин, «Тұлпар» шағын-футбол клубының президенті Анатолий Смотрицкийдің, «Арыстан» хоккей клубының директоры Болат Қарабалиннің, «Қарағанды» волейбол клубының директоры Нұрлан Садықовтың жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы есептері тыңдалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, мәжілістің қорытындысы бойынша өңір басшысы қажетті тапсырмаларды берді.

Соңғы жаңалықтар