Қарағанды облысында 2010 жылдың басынан бері жемқорлық қылмыстар үшін 53 адам сотталды

Бұл мәліметтер дүйсенбі, қыркүйектің 20-сында Қарағанды облыстық сотында өткізілген баспасөз мәслихатында жария етілді.
«26 адам бас бостандығынан айырылды, ал қалғандарына бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза түрлері қолданылды. Аталмыш қылмыстың субьектілері: ауылдық округтердің әкімдері, білім беру, ішкі істер органдарының, прокуратура, кеден және фискалды органдардың қызметкерлері, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді атқаруға теңестірілген қызметшілер» - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз орталығының жетекшісі Гүлмира Қаженова.
Екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына Бұқар жырау орталық ауылдық округының әкімі кесілді, деп мысал келтірді баспасөз хатшысы. «Үкім өзінің заңды күшіне енген жоқ, апппеляциялық кезекте наразылық келтірілді», - деп атап өтті Г.Қаженова.