Қарағанды облысында 250 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 250 келі заңсыз ауланған балықпен көлік ұсталды, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.
«21 сәуірде «Уылдырық» рейдтік шара барысында Қарағанды облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Балқаш-Саяқ автожолында 47 жастағы ер адам басқарған «УАЗ» маркалы көлікті ұстады. Көлікті тексеру барысында бес қапта 250 келі заңсыз ауланған балық табылды», - делінген хабарламада.
Жүргізушіде тиісті құжат болмады.
«Факті тіркелді. Сот алды тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды. Заттай айғақ тәркіленді. Келтірілген шығын анықталуда», - деп қосты ІІД баспасөз қызметінде.