Қарағанды облысында 9 жаңа судья тағайындалды

Атап айтқанда, Балқаш, Жезқазған, Саран, Шахтинск қалалары мен Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық және Октябрь аудандық сотына, Абай және Нұра аудандарының сотына, сондай-ақ Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жаңа судьялар тағайындалды. Сонымен қатар Сәтбаев қалалық сотының жаңа төрағасы болып Ерлан Серікұлы Сексенов тағайындалды. «ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Е.С.Сексенов Сәтбаев қалалық сотының төрағасы етіп тағайындалды, өз еңбек жолын сот саласында сот мәжілісінің хатшысы болып бастады, 21.09.2009 жылдан бастап Қарағанды қаласы, Қазыбек би аудандық сотында судья болып қызмет етті, өзін кәсіби судья ретінде көрсетті» - делінген хабарламада. Сәтбаев қалалық сотының бұрынғы төрағасы Руслан Қалиакбарұлы Мұқатаев Қарағанды қаласы, Қазыбек би аудандық сотына өз еркімен судья болып тағайындалды. Нұра аудандық сотының жаңа судьясы болып 13 жыл бойы оның ішінде Қарағанды облыстық сотында қызмет атқарған Блял Амантайұлы Даупбаев тағайындалды. Абай аудандық сотына Елена Геннадьевна Ташкеева судья лауазымына тағайындалды. Жанділдина Айнұр Қайратқызы Балқаш қалалық сотының судьясы лауазымына осы соттың бас маманы лауазымынан босатыла отырып тағайындалды.