Қарағанды облысында «Абайлаңыз, балалар!» операциясын өткізу кезеңінде балалардың жарақаттану фактілері 83,3 пайызға төмендеді

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің   7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -  Қарағанды  облысында  жол  полицейлері   республикада тамыздың 25-і мен    қыркүйектің  4-і аралығында өткен   «Абайлаңыз, балалар!»   операциясының    нәтижесіне    қанағаттанып  отыр.
None
None

Облыстық  ішкі істер  департаменті  жол полициясы  басқармасының  баспасөз қызметінен  хабарлағанындай,   операция барысында    аймақта  балалардың  жарақаттану фактілері,   былтырғы жылдың   сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда,  83,3 пайызға азайған.  Сондай-ақ операцияны     өткізу кезеңінде     балалардың кінәсінен  бірде-бір  жол-көлік оқиғасы тіркелмеген.

Жол полициясы басқармасының  мәліметтері  бойынша,  2009 жылдың  8 айында Қарағанды  облысының   автожолдарында   балалардың  қатысуымен 110  жол-көлік оқиғасы тіркелген,  оларда  8   бала   шетінеп,    109 бала түрлі  жарақат  алған. «Өткен жылдың сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда,  барлық көрсеткіштер  бойынша    балалардың жол-көлік  жарақаттарының   төмендеуі  байқалады.   Оқиғалардың саны 17,3 пайызға   азайса,    қаза тапқан балалардың саны -  62  пайызға,  жарақаттанғандардың саны - 16,1 пайызға    азайған»,  деп  хабарлады басқармадан.   Өткен жылы    осы кезеңде   облыста жол-көлік оқиғаларында 21  бала  қаза болды, 130    бала   жарақаттанған,  деп  нақтылады   баспасөз   қызметінен.

Соңғы жаңалықтар