17:17, 30 Шілде 2015 | GMT +5
Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» лагерінде 40-қа жуық бала уланып қалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Факел» сауықтыру лагерінде балалар жаппай уланып қалды. Бұл туралы «Жақтау» металлургтер кәсіподағынан хабарлады.

«Бізге балалары лагерьде демалып жатқан ата-аналардан қоңырау келіп түсті. Бірден комиссия жібердік. Мамандар тексеріп, акті жасады. Лоқсып, бастары ауырып, құсқысы келген шағымдарымен медпунктке 39 шақты бала жүгінгені тіркеліпті», - деді «Жақтау» кәсіподағында.
Лагерге тұтынушылардың құқытарын қорғау департаментінің медиктері мен өкілдері келді. Олар жаппай уланудың мән-жайын анықтауда. Мамандар әзірге бұл оқиғаға қатысты еш түсінік берген жоқ. Ауырып қалған балалардың ата-аналары Теміртау қалалық прокуратурасына шағым түсірді. Кәсіподақ мәліметіне сүйенсек, бұл лагерде осы маусымда 216 бала демалып жатыр.