Қарағанды облысында әскери бөлімнің бұрынғы командиріне 84 млн. теңге жымқырды деген айып тағылды

«ҚР ІІМ Орталық аймақтық әскери-тергеу басқармасы 26441 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Б.Әбубәкіровке қатысты қылмыстық істің өндірісін аяқтады. Бұл азамат ҚР ҚК-нің 176 бабының 4 бөліміндегі «б» тармақшасымен (Өзіне сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі өзгенің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету) қарастырылған қылмысты жасауда айыпталып отыр.
Тергеу нұсқасы бойынша, Әбубәкіров әскери бөлімнің иелігінде болған ПМТП-150 және ПМТ-150 маркалы құбырлардың 67,5-ден астам данасын ұрлап әкеткен. Келтірілген шығын 84 млн. астам теңгені құрады.
«Тергеу барысында Әбубәкіровке қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. 22 мамырда Приозерск гарнизонының әскери прокуратурасы айыпталушы Әбубәкіровті сотқа тапсырды. Қылмыстық іс қарау үшін Қарағанды гарнизонының әскери сотына жіберілді», - делінген хабарламада.