20:01, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысында ауа райы 38 градусқа дейін суытады
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында ауа райы күрт суытады,

деп хабарлады ТЖ бойынша облыстық департамент ресми ауа райы болжамына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК Қарағанды гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша, 2009 жылғы желтоқсанның 29-30-ы күндері облыс аумағында қар жауып, бұрқасын көтеріледі, желтоқсанның 31-інде және 2010 жылғы қаңтардың 1-інде жауын-шашын болмайды. Батыстан тұрған жер шығысқа қарай ауысып, кейбір жерлерде 32 градус, солтүстік бетте - 35-38 градус аяз болады, күндіз температура 10-15, орталық аудандарда - 25 градусқа дейін аяз көтеріледі, деп хабарлайды облыс ТЖ департаменті. Тұрғындардың сақ болуы, мүмкіндігінше, алыс сапарларға шықпауы, әсіресе түнге қарай және ауа райы суытқан кезде жолға шықпау ескертілді.