Қарағанды облысында аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мектеп директорын жарты миллион теңге пара беруге мәжбүрлеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Шет аудандық сотында «Шет ауданы білім бөлімі» ММ-нің басшысы Р.-ға және «Шет ауданы білім бөлімі» ММ-нің кадр бөлімінің инспекторы Б.-ға қатысты алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, лауазымды адамдарға айтарлықтай мөлшерде пара беруге азғыру фактісімен қозғалған қылмыстық істі қарау аяқталды.
None
None

Шет аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Р. «Шет ауданы білім бөлімі» ММ-нің басшысы, лауазымды тұлға бола тұра заңсыз баю мақсатында, өзінің лауазымды орнын құқыққа қайшы пайдаланып, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша Б.-мен сөз байласып, онымен бірге өзінің қызметтік кабинетінде жалған күзетші жұмысын істегенін әшкерелеген фактісін жабуға пара беру үшін азаматша И.-ді 540 000 теңге пара беруге қасақана иілдірген. Содан Б. азаматша И.-дан ақшаны алу барысында Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімшесінің қызметкерлерімен ұсталған.

Сот үкімімен Р. кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылып, жазасын жалпы режимді ТК өтеуге, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылған.

Сот үкімімен Б. кінәлі деп танылып, оған параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде 21 600 000 теңге айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалған.

Р және Б-тан үлес тәртібімен сот-фонографиялық сараптамасына жұмсалған сот шығындары 45 486 теңге өндірілген. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

Соңғы жаңалықтар