Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығындағы инвестиция өскен

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында 2010 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылықтың негізгі қорына 650,7 млн. теңге инвестиция құйылған, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көлемінен 6,3 есе өсіп отыр, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығындағы инвестиция өскен

Статистикалық мәліметтер бойынша, инвестицияның көп бөлігін жалпы мөлшердің 68,3 пайызын құрап отырған несие құралдары құрап отыр. Қалған салымдардың бөлігі - жекеменшік кәсіпорын қаражаттары.

«Инвестицияның көп мөлшері былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,3 есе өсіп, 64,2%-ды (418 млн.теңге) құрап отырған Бұқар жырау ауданында байқалды. Екінші орында Нұра ауданы - (137 млн. теңге, өсімі 4,4 есе). Ауыл шаруашылығының инвестициялауға тартымды болған салаларының бірі - мал шаруашылығы, оның дамуына барлық инвестиция мөлшерінің 76,4 пайыз бағытталған», деп атап өтті облыстық статистика департаменті.