Қарағанды облысында автокөлік мұзға түсіп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Самарқанд су қоймасында жеңіл автокөлік мұз жарығына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

13 наурызда таңғы сағат 7-де «112» желісіне Самарқанд су қоймасында мұз астына автомобиль құлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шығу кезінде құтқарушылар жеңіл автокөліктің алдыңғы дөңгелектерімен мұзда пайда болған жарыққа түсіп кеткенін анықтады. Оқиға салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Құтқарушылар мен куәгерлер көлік иесі мен автокөлікті судан шығаруға көмектесті.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта облыс өзендерінде мұз жару жұмыстары басталғанын ескертеді. Сондай-ақ, ірі су қоймаларынан су жіберу ұлғайтылды. Қазіргі уақытта көктемгі мұз жамылғысы берік емес. Сондықтан құтқарушылар келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

Мұз үстіне шықпаңыздар!

Көлікпен мұз үстіне шықпаңыздар!

Балық аулаудан бас тартыңыздар!

Жарықтар мен ойықтарға жақындамаңыздар!

Су қоймаларына балаларды өз бетімен жібермеңіздер!

Су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидаларын балаларға түсіндіріңіздер!

Төтенше оқиғалар туралы 112 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарлауға болады.


Соңғы жаңалықтар