Қарағанды облысында Балқаш көлінде жоғалып кеткен екі балықшыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында екі күннен бері Балқаш көлінде жоғалып кеткен екі балықшыны іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Ведомствоның ақпараты бойынша, 18 және 20 жастағы екі жігіт өткен жұма, қыркүйектің 3-і күні кешке Тасарал ауылдық округінің Ақтөбе-Қарағаш ауданында (Балқаш қаласынан 90-100 шақырым) қайыққа мініп Балқаш көліне шыққан. Келесі күні таңертең туыс-туғандары олардың жоғалып кеткендігі туралы хабар береді.

«Қыркүйектің 4-і күні сағат сегізден бастап сегіз қайыққа мінген жергілікті халық іздеу жұмыстарын бастаған. Сағат 8.20-да 53898 әскери бөлімінің оқу ұшағы көлдің үстінен іздеу жұмыстарын жүргізіп шықты. Сонымен қатар, Қарағанды облысы ТЖД су-құтқару қызметі Балқаш қаласы су-құтқару қызметінің «Орион» құтқару қайығы да жоғалған адамдарды іздеуге шыққан. Қыркүйектің 5-і күні іздеу жұмыстарына «ҚазӘуеқұтқару» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының тікұшағы жұмылдырылды. Балқаш жағалауындағы жалпы аумағы 700 шақырым жерге іздеу жұмыстары жүргізілді», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің таратқан ақпаратында.

Іздеу жұмыстары әзірге нәтижесіз болып отыр. Қатты жел мен толқын да іздеу жұмыстарына кедергісін келтіруде, деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар