Қарағанды облысында барлық мектеп оқушылары тегін тамақтанатын болады ? облыс әкімі

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында барлық мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға шешім қабылданды. Бұл жаңалықты Қарағанды облысының әкімі халықпен есепті кездесуі кезінде айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінде мектептерде 1-4-ші сыныптар оқушылары тегін тамақтандырылып жүр. Ең болмағанда, тұрмысы төмен отбасыларының балалары, жоғарғы сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастыруға болмас па екен?» деген сұрақ берілді кездесуге қатысушылардан. «Ұйымдастыруға болады, - деді әкім, бұл тұрмысы төмен отбасыларының балалары үшін ғана емес, бәріне тегіс болуы тиіс. Осынау қиын кезеңде біз отбасыларын қолдауымыз керек деп ойлаймын». «Бұл мәселе қаралды. Екінші жыл мектептердің бастауыш сынып оқушылары бюджет есебінен тамақтандырылып жүр. Ал 5-11 сынып оқушыларын тамақтандыруды жалпыға бірдей оқыту қорынан ұйымдастырылады. Қазірдің өзінде тиісті есептеулер жасалды», - деп түсіндірді облыс әкімі.
Соңғы жаңалықтар